Наукові Конференції

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ

Ақмарал Әбілхан (Жезказган, Казахстан) Завантажити статтю

Бала кезден басталатын рухани дамуға қазақ қаламгерлерінің қосқан үлесі де аз емес. Қазақ халқының тарихында ауыз әдебиетінен бастап, балаларға арнап жазылған өлең - жырлар көп. Жас нәрестенің дүниеге келуінен бастап, оның өмір тануының әр кезеңіне сай тілек - мұраттарын халық өлеңмен айтып жеткізген.
Қазақ фольклорының белгілі мамандарының бірі - Мәлік Ғабдуллин: "Халықтың ойына, жас бала өсе келе, ер жеткен соң еліне қызмет етуге тиісті. Мал бақ, кәсіп ет, ел - жұртыңды жаудан қорға деген ойын халық бесікте жатқан жас балаға ақыл, тілек етіп білдіреді және кімді ардақтайтынын да аңғартады" - дейді. Ал, Серік Қирабаев : "Балаларға арналып тұңғыш айтылатын жыр - бесік жыры. Бұл жырдың мазмұны түгелдей ата - ананың нәрестесіне деген қуанышын айтудан, оның жақсы азамат болуына тілектестік білдіруден тұрады.