БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СИПАТЫН ДАМЫТУШЫ ФАКТОР РЕТІНДЕ
Толкын Сламбекова (Астана, Қазақстан Республикасы)
Завантажити статтю
Біздің мемлекетімізде бүгінде қарқынды жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ғылыми өзгерістер жеке тұлға тіршілігінің барлық жақтарына әсер етуде. Өйткені, белгілі бір қоғамда, әлеуметтік ортада, топта қабылданған мінез-құлық үлгілерін, адамгершілік сапаларды, әлеуметтік құндылықтар мен нормаларды жеке тұлға бойына сіңіру, олардың әлеуметтенуінің нәтижелі болуына ықпал етеді. Жеке тұлғаның әлеуметтік бітім-болмысы және адамдық қасиеттерінің негізгі белгілері көптеген орта, ондағы адамдардың кісілік бітімінің, қарым-қатынасының негізінде қалыптаса бастайды. Олай болса, қоғамның ілгерілеуі мен болашағы жеке тұлғаға әсер етуші объективті орталардың әсерінен болмақ.
