Наукові Конференції

НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДЫҢ ТОЗУЫН ЖӘНЕ АМОРТИЗАЦИЯСЫН ЕСЕПТЕУ

Лаура Байтуова, Динара Габдуллина, Бибарс Мыктыбаев (Астана, Қазақстан) Завантажити статтю

Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық).
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен пайда болады.