Наукові Конференції

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ

Молдир Мусапарбекова, Айжан Токкулиева (Астана, Казахстан) Завантажити статтю

Қазіргі заманда білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде ақпараттық білім беру инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.