Наукові Конференції

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Айгерим Мухамедгалиева (Астана, Казақстан) Завантажити статтю

Облыс территориясы жалпылай 1-тәртіптегі Орталық Қазақстан гидрогеологиялық ауданға жатады. Гидрогеологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы негізінде Орталық Қазақстан гидрогеологиялық ауданда төмендегі 2-тәртіптегі гидрогеологиялық аудандар ажыратылады: Көкшетау-Екібастұз, Теңіз-Қорғалжын және Сарысу-Теңіз. Көкшетау-Екібастұз гидрогеологиялық ауданы облыстың солтүстік жарты бөлігін қамтиды. Оған Аршалы, Ерейментау, Сілеті, Ақкөл, Бұланды, Шортандының көпшілік бөлігі, Балқаш, Атбасар ауылдық-әкімшілігінің солтүстік бөліктері жатады.