Биология сабақтары арқылы жеке тұлғаны отансүйгіштікке тәрбиелеу
Гулжанат Максутбекова (Жезқазған, Қазақстан)
Завантажити статтю
Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдениет құндылықтарын сақтай отырып әлемдік өркениетке кірігуі заңды құбылыс.
Елбасымыздың «Қазақстан - 2050» «Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, XI ғасырда орнықты дамуды жалғастыру. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» - деп атап көрсетілген. Ол үшін бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз керек.
