АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Б.М. Асанов, Р.Е. Құралбаева (Қазақстан, Алматы қ.)
Завантажити статтю
Бәрімізге белгілі, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылы 14 желтоқсанда еліміздің келешегіне айқын бағдар көрсеткен, ХХІ ғасырдағы басты міндеттерді қамтыған «Қазақстан-2050» Стратегиясын жария етті. Елбасы Н.Ә. Назарбаев әлемдегі үшінші сын-қатер деп жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді атады. Президент Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде жер-жаһанда халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіре түсетінін, бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіріп отырғанын еске салып өтті [1].
