GAMIFICATION: ФИЗИК-СТУДЕНТТЕРДІҢ МОТИВАЦИЯСЫН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ
Қазіргі заманғы білім беру саласында технологиялар қарқынды түрде дамып, жаңа әдістер мен құралдарды қолдану қажеттілігі туындап отыр. Ойын платформалары (геймификация) – білім беру процесінде оқушылар мен студенттердің мотивациясын арттырудың және олардың академиялық үлгерімін жақсартудың тиімді тәсілдерінің бірі. Физика сияқты күрделі пәндерді меңгеруде студенттерге қызығушылықты арттыру және материалды жеңіл әрі түсінікті түрде ұсыну маңызды. Дегенмен дәстүрлі әдістер бұл қажеттілікті толық қанағаттандырмайды. Осы орайда, gamification, яғни ойын элементтерін оқыту процесіне енгізу, тиімді шешімдердің бірі ретінде қарастырылады. Ойын платформалары қызықты, интерактивті және жекелендірілген білім беру орталарын құру қабілетінің арқасында заманауи білім берудің ажырамас бөлігіне айналуда. Олар дағдыларды дамытуға, оқушыларды ынталандыруға және оқу процесіне инновациялық тәсілдерді енгізуге бірегей мүмкіндіктер береді.
