АУЫЛДЫҚ ШЖМ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАР
Б.Т. Абыканова, А. А. Таутенбаева, Г.Т. Бекова, Ж.К. Салыкбаева (Атырау, Казахстан)
Download article
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылы Қазақстанда 7440 мектеп болған, оның ішінде ауылдық жерлерде – 5265, оның ішінде 2833 шағын жинақталған мектеп. Осылайша, ШЖМ елдегі барлық мектептердің 38 пайызын және барлық ауылдық мектептердің жартысынан көбін (53%) құрайды.
