АЙНЫМАЛЫ МАГНИТ ӨРІСІНІҢ МЕТАЛ САҚИНАҒА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ
Темирхан Бижигитов, Ардақ Аманбаева, Молдир Тлепбаева
Download article
Зерттеу шарттары. Трансформатордың өзекшесіне еркін кигізілетін алюминий сақинаға магнит өрісінің әсерін зерттейтін тәжірибе жүргізу үшін жинақталған қондырғы 1- суретте келтірілген. Ішкі радиусы 10 мм, сыртқы радиусы 40 мм, биіктігі 70 мм, диаметрі 1,2 мм эмальданған мыс сыммен оралған катушкаға ұзындығы 200 мм, диаметрі 2 мм майда темір қалақшалардан жинақталған темір өзекше енгізілген. Катушкаға лабораториялық автотрансформатордан (100-120 В) кернеу беріледі.
