Sci Conferences

ИНФОКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖЕЛІЛЕРІНДЕГІ КЕЙБІР ТҰТАСТЫҚ ЖӘНЕ КОНФИДЕНЦИАЛДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Нұрсәуле Жиеналиева, Манат Иманқұл (Астана, Қазақстан) Download article

Global Web компаниясының 2015 жылдың басына қарай ұсынылған мәліметтері бойынша әлемде Интернет пайдаланушылардың 29% немесе 415 млн желіні жасырын түрде пайдалануды көздейді. Ол үшін олар түрлі VPN-серверлерін және прокси-серверлерді қолданады. VPN (Virtual Private Network, виртуалды жекеменшік желі) қолданысының тағы бір себебі рұқсат етілмеген контентке қолжетімділік болып табылады.[1, с. 6.]
Интернет желісінде ақпаратты қорғау мәселесі TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internetworking Protocol) хаттамаларының жиынтығы негізінде құралған, желілер пайда болған уақыттан бастап қарастырылып жатыр. TCP/IP – желіаралық хаттама және жіберілімді басқару хаттамасы, қазіргі кезде Интернет хаттамасының жиыны TCP/IP деген бір есіммен аталады.