Sci Conferences

АУДАРМА ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ: ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ

Ақерке Бескемер (Астана, Қазақстан) Download article

Аударма модельдері әдетте әрекеттердің үздіксіз жалғасын баяндау үшін қолданылады. Аталған уақытта ең көп таралған аударма модельдерінің қатарына семантикалық, ситуативті (денотативті, формальді), трансформациялық, психолингвистикалық, коммуникативті және ақпараттық модельдер жатқызылады [1; б.97].
Аударма модельдерінің әрқайсысы оның жеке бір бөлігін сипаттайды; бұл кезде модель аппараты аудармашының әрекеттері сол модельдің талаптары мен қарарларына сәйкес жүргізілуін қадағалайды. Сол секілді модельдердің көбісі аударманы сызба не кесте түрінде бейнелейді; бұл сызбалар фазалар мен кезеңдерден тұрады және аударма мәтінінің жасамдалуындағы операциялардың ілеспелілігін анықтайды да тілдік бірліктердің бара-барлығы мен жалпы мәтіннің тұтас дәлдігіне қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Міне осы қасиеті модельдерді аударманың тәсілдері мен түрлерінен айрықшалап тұрады.