ӨҢІРЛІК САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
М.Т. Кантуреев, У.К. Орынбаева (Қазақстан, Талдықорған қ.)
Download article
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторларды толықтай ескеріп, олардың мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтыланғанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін өңірлік саясат ерекшеліктерін анықтайды. Осыған орай, мемлекеттің өңірлік саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.
