Кеңестік реформалардың саяси қуғын-сүргінге ұласуы
Куралай Сарсембина (Астана, Казахстан)
Download article
Адам табиғатының шексіз бөлшектелуге бейімділігін пайдаланып, адамды тегі мен әлеуметтік жағдайына қарап жек көруді заңдылыққа айналдырған Кеңестік тоталитарлық жүйенің таптық сипаты зерттелінуде. Адамды ата-тегіне қарамай, адамгершілігіне, қабілетіне қарап әділ бағалау, ханды, төрені әділ тану секілді, халықтық демократизмнің шынайы белгісі бар қазақ ұлтының қадір-қасиеті “тап күресі” тұсында аяққа басылды.
